
S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін BBBдеңгейіне дейін көтерді. Агенттіктің шәкілі бойынша рейтингтің осы деңгейіне 2016 жылдан бері алғаш рет қол жеткізіліп отыр
Тәуелсіз кредиттік рейтингтің көтерілуі елдің экономикалық дамуының орнықты перспективаларын, экономиканың әртараптандырылуы жалғасып жатқанын әрі сыртқы және фискалдық буферлердің айтарлықтай жинақталғанын көрсетеді
Агенттіктің бағалауы бойынша Қазақстанның экономикасы сыртқы сын-қатерлерге және әлемдік тауар нарықтарындағы бағаның құбылмалылығына қарамастанорнықты болып қалады және орта мерзімді перспективада өсуді жалғастырады.
Сарапшылардың болжамынша 2026 жылы ЖІӨ - нің нақты өсуі 5,1%-ды құрайдыболашақта Қазақстанның экономикасы мұнай экспорттаушы елдер арасында салыстырмалы түрде жоғары қарқынмен өсетін болады
S&P экономиканы әртараптандыруға бағытталып, іске асырылып жатқан ауқымды инвестициялық бағдарламаның рөлін атап өтедіШикізат өңдеуді және инфрақұрылымды дамытуоның ішінде Бәйтерек ҰИХ» АҚ арқылы дамыту жөніндегі жобалардың қаржыландырылуы келешекте инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 30%-на дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді
S&P пікірінше, бюджет шығыстарының қалыпты қарқынмен өсуі және салықтық базаны кеңейту жөніндегі шаралар бюджет тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді
Қазақстан валюталық активтерінің мөлшері сыртқы борышының қалыпты көлемінен асатындай едәуір мөлшерде болғанда, сыртқы кредитор ретінде мықты позициясын сақтайды
Сондай-ақагенттік банк секторының макроэкономикалық күйзелістерге орнықтылығын атап өттіРеттеу және қадағалау жөніндегі саясаттың біртіндеп жетілдірілуі банк секторының орнықтылығының артуына және активтер сапасына байланысты жүйелік тәуекелдердің төмендеуіне ықпал етті
Бұнын алдында елдің тәуелсіз кредиттік рейтингі BBB деңгейінде болған.