Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын табысты іске асыру тәжірибесі жоғары деңгейдегі конференция алаңында баяндалды

Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын табысты іске асыру тәжірибесі  жоғары деңгейдегі конференция алаңында баяндалды

29 мамырда «Еуразиядағы орнықты даму мақсаттары» атты конференцияның бірінші сессиясында Нұргүл Жанназарова Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының жүзеге  асырылуы туралы ақпаратты көпшілік назарына ұсынды.

Бірінші сессия отырысында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Орнықты даму орталығының директоры Игорь Юргенс, БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясының төрағасы, 2009–2010 және 2012–2020 жылдары Словакия Республикасының Сыртқы істер министрі болған Мирослав Лайчак, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин, Ресей Ғылым қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дмитрий Конов, БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының хатшысы Анна Жубан-Бре (Франция), Үндістан Сыртқы сауда институты жанындағы ДСҰ зерттеу орталығының доценті Анимеш Кумар (Үндістан), Нью-Йорк университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының ғылыми қызметкері, БҰҰ «Бір планета» желісінің жетекшісі Хорхе Лагуна-Селис (Мексика) сөз сөйледі.

Нұргүл Жанназарова өз сөзінде 2019, 2022 және 2025 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі форумында ұсынылған ерікті ұлттық шолулардың негізгі басым бағыттары туралы айтып өтті.

Департамент директорының айтуынша, биыл сәуір айында Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Женевада өткен Орнықты даму жөніндегі Өңірлік форумына белсенді түрде қатысты.

ЕЭК форумы ОДМ-ға қол жеткізу, цифрлық трансформация, жасыл өсу және халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты үйлестіру, келісілген шешімдер әзірлеу және кеңейту алаңы болды.

Спикер сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарының қазіргі таңда ұлттық саясаттың ажырамас бөлігіне айналып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа реформалар мен шараларды әзірлеудің негізі болып отырғанын жеткізді.

Жалпы, конференцияға қатысушылар жаһандық күн тәртібіндегі міндеттерге қол жеткізу елдердің серіктестік қағидаттарына негізделген бірлескен күш-жігерін талап етеді деген ортақ пікірге келді.