ЕАЭО мен ТМД әріптестігін дамыту: Астанада экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды

ЕАЭО мен ТМД әріптестігін дамыту: Астанада экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланды

Елордада V Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен ТМД Атқарушы комитетінің «ЕАЭО – ТМД: прогресс жолындағы экономикалық әріптестік» атты бірлескен сессиясы өткізілді. Алаң сауда кедергілерін жою, цифрландыруды жеделдету және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау үшін ЕЭК өкілдерін, Достастық елдерінің үкіметтерін, сондай-ақ жетекші сарапшыларды біріктірді.

Талқылауға интеграциялық кеңістіктің негізгі спикерлері: ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Данияр Иманалиев, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаев, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин және ТМД Бас хатшысының орынбасары Денис Трефилов қатысты.

Сессия қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев күн тәртібін уақтылы жаңартқаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, әлемдік нарықтың терең трансформациясы дәуірінде аймақ мемлекеттерінің тұрақтылығы олардың ресурстарды, инфрақұрылымды және технологиялық құзыреттерді жедел біріктіру қабілетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бүгінде ЕАЭО мен ТМД арасындағы өзара іс-қимыл — бұл аймақтық күн тәртібі ғана емес, еуразиялық экономиканың жаңа архитектуралық іргетасы. Әлемдік экономика терең трансформация кезеңін бастан кешіруде: өндірістік тізбектер қайта құрылып, маршруттар өзгеруде, инвестиция мен адами капитал үшін бәсекелестік күшеюде. Мұндай жағдайда ЕАЭО мен ТМД жұмысын үндестіру ресми институционалдық үдеріске емес, экономикалық өсудің тәжірибелік құралына айналуда», - деді Асан Дарбаев.

Асан Дарбаев Қазақстан үшін бизнес пен азаматтар үшін декларациядан нақты нәтижеге көшу аса маңызды екенін ерекше атап өтті. Бұл өзара сауданың өсуі, өнеркәсіптік кооперацияны бастау, транзиттік әлеуетті кеңейту және шығындарды азайту туралы. Алдағы жылдары ЕАЭО – ТМД маршруттарында кедендік рәсімнен өту уақытын қысқартуға тиіс өтпелі цифрлық өзара іс-қимылды енгізу өте маңызды келесі қадам болады.

Мемлекеттердің экономикалық өзара байланысының жоғары деңгейі ресми статистика дерегімен расталады. 2025 жылғы қорытынды бойынша, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы шамамен 31 млрд, ал ТМД-ның барлық мемлекетімен, 38 млрд доллардай. Салалық ынтымақтастық тұрақты өсуді көрсетеді. ЕЭК деректері бойынша, 2020-2024 жылдары аймақтың өнеркәсібі 15%-ға өскен. Ал ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өндірісі өткен жылдардағы 10%-дан кейін, 2025 жылы тағы да 4,6%-ға өсті.

Асан Дарбаев күш-жігерді сәтті үндестірудің эталоны ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ немесе «Орта дәліз») дамытуды мысалға келтірді. Соңғы жеті жылда ТХКБ бойынша тасымалдау көлемі 5 еседен аса, 800 мыңнан 4,5 млн тоннаға дейін өскен. 2030 жылға қарай дәліз бойынша контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Сөз соңында вице-министр еңбек ресурстарының ұтқырлығы мен трансшекаралық қаржы сервистері көші-қон және азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғау саласында неғұрлым тығыз үйлестіруді талап ететінін атап өтіп, қаржылық өзара іс-қимыл мәселесін қозғады.