
Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында "Орталық Азиядағы су секторын тұрақты қаржыландыру: өңірлік ынтымақтастықтың сын-қатерлері, мүмкіндіктері мен жолдары"атты панельдік сессия өткізілді.
Іс-шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және Халықаралық су ресурстарын басқару институтымен (IWMI) бірлесіп ұйымдастырды. Алаң мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді.
Талқылауға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, сондай-ақ АДБ Орнықты даму департаментінің бас директоры Евгений Жуков қатысты.
Қатысушылар су инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамыту үшін инвестиция тарту мәселелеріне басты назар аударды.
Сессияны аша отырып, Асан Дарбаев Орнықты даму мақсаттарын іске асыру Қазақстанның мемлекеттік саясаты басымдығының бірі екенін және 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында бекітілгенін атап өтті.
"Су 2030-Күн тәртібіне қол жеткізудің жүйе құраушы факторы. Таза су мен санитарияға қол жеткізуді қамтамасыз ету - азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты энергетика және экожүйені сақтау үшін негізгі шарт", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, елімізде мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ОДМ интеграциясының жоғары деңгейіне қол жеткізілді: ұлттық индикаторлардың 94,2% - ы мемлекеттік органдардың даму жоспарына енгізілген. Ал барлық өңірлік индикаторлар аумақтарды дамыту жоспарларына біріктірілген.
Сессия барысында климаттың өзгеруі, мұздықтардың еруі және құрғақшылықтың көбеюі су ресурстарына, әсіресе трансшекаралық контексте жүктемені күшейтетіні атап өтілді. Осыған байланысты аймақтағы ынтымақтастықты нығайту мен іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Талқылау қорытындысында су секторын қаржыландыру көзін әртараптандыруға, трансшекаралық өзара іс-қимылды дамытуға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралы арқылы жеке капиталдың қатысуын арттыруға арналған ұсынымдар әзірленді.
Қатысушылар аймақ елдерінің тиімді және уақтылы ынтымақтастығы ұзақмерзімдік перспективада су қауіпсіздігін және орнықты дамуды қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатынына келісті.