Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады

Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификацияладыСенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.

Құжат мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар мен гранттық жобаларды іске асыру кезінде озық нормалар мен халықаралық тәжірибені қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу қағидалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек және гендерлік стандарттар мен ақпаратты ашу талаптарын Дүниежүзілік банк тобы негізінде пайдалану жоспарлануда.

Келісім жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге, оларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды басым жобаларға қайта бөлу арқылы бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.