Ауыл кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қол жеткізуі кеңеюде

Ауыл кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қол жеткізуі кеңеюде

Мемлекет басшысының Ауыл әкімдерінің диалог‑платформасында ауыл экономикасына жаңа серпін беру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу туралы қойған міндеттерін орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттеу мен лизинг қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындады (2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрық).

Ұсынылған өзгерістер ауыл кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қол жеткізуін кеңейтуге және қарыз алу кезіндегі кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жеткілікті кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыз алушылар үшін микрокредиттер мен лизингке кепілдік беру тетігін енгізу көзделеді. Бұл ауылда бизнесті бастау және дамыту үшін қосымша жағдай туғызып, мемлекеттік қолдау алушылардың аясын кеңейтеді.

Үміткерлер микрокредит немесе лизинг алу үшін белгіленген тізбеге сәйкес, қажетті құжаттарды қоса бере отырып, цифрлық жүйедегі жеке кабинет арқылы электрондық өтінім береді.

Жобаларды іріктеу кезінде олардың басым бағыттарға сәйкестігі, жаңа жұмыс орындарын құруы және жаңа техника мен жабдық сатып алуы ескеріледі.

Жобаны қабылдау «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдауға қол жеткізуді арттыруға мүмкіндік береді.

«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрығының жобасына сілтеме:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15775144