
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларына консультациялық сүйемелдеуді және сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды міндетті аккредиттеу енгізілді. Тиісті нормалар «МЖӘ туралы» Заңда және
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің № 52 бұйрығында көзделген.
2026 жылғы 13 ақпандағы Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша үш ұйым аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу туралы куәлік өтініш берушілерге заңнамада белгіленген мерзімде берілді.
Аккредиттеу қағидаларына сәйкес Аккредиттелген тұлғалар тізілімі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында электрондық нысанда жүргізіледі. Бұл ретте аккредиттеу туралы куәлік Тізілімде тиісті мәліметтер болған кезде ғана жарамды
деп есептеледі.
МЖӘ жобаларын іске асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар консультанттар мен сарапшыларды тарту кезінде көрсетілген Тізілім арқылы олардың куәліктерінің өзектілігін тексеруге міндетті. Мәліметтерді жариялау берілген куәліктердің заңды күшін және МЖӘ жобаларымен жұмыс істеуге ұйымдардың ресми жіберілуін қамтамасыз етеді.
Құжат келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/documents/details/972354?lang=ru