"AMANAT" партиясында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

"AMANAT" партиясында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев "AMANAT" партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің екінші отырысына қатысты.

Отырыс жұмысына мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына және экономиканың негізгі салаларының дамуына әсер ететін жүйелі мәселелер қаралды.

Отырыс барысында қатысушыларға кеденде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану практикасын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеу тәсілдерін қоса алғанда, "Ашық Аманат" талдамалық платформасы таныстырылды.

Отандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар рәсімдердің ашықтығын арттыру, жекелеген талаптарды қайта қарау және адал кәсіпорындар үшін артық әкімшілік жүктеме мен бедел тәуекелдерін тудыратын факторларды жою қажеттігін талқылады.

Отырыстың күн тәртібі шеңберінде мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер қауымдастығы жеке индустриялық аймақтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Бұдан әрі "Первомайские деликатесы" ЖШС отандық экспорттаушысы айтқан мал шаруашылығын несиелеу мәселесі, сондай-ақ қайта өңдеушілерге кредит беру және мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын реттеу тәсілдерін жетілдіру қоса алғанда агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру құралдарын салалық ерекшелікке бейімдеу  мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, республикалық сүт палатасы деректердің салыстырмалылығын және нарықтың ашықтығын арттыруды қамтамасыз ететін сүт саласында неғұрлым сенімді статистикалық есепке алу жүйесін қалыптастыру қажеттігі туралы айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша айтылған мәселелер мен ұсыныстар одан әрі пысықтауға қабылданып және тиісті мемлекеттік органдармен бақылауға алынды.