ҰЭМ ведомстволық бағынысты ұйымдарда алты айдан аса бос тұрған штат бірліктерін қысқарту ережесін енгізді

ҰЭМ ведомстволық бағынысты ұйымдарда алты айдан аса бос тұрған штат бірліктерін қысқарту ережесін енгізді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға арналған бұйрықты бекітті.

Құжат бір мезгілде еңбекақы төлеу қорын түзете отырып, алты айдан артық бос тұрған штат бірліктерін қысқартуды көздейді.

Бұл ретте нормалар бірінші басшылардың, маусымдық қызметкерлердің, ядролық физика, жоғары технологиялық жабдықтар бойынша немесе сирек кездесетін инженерлік маман сияқты, онсыз ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес бірегей өндірістік және жоғары мамандандырылған қызметкерлердің лауазымдарына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын сақтау жағдайында қолданылмайды.

Өзгерістер кезінде ұйымдардың даму жоспарына түзетулер енгізудің тәртібі белгіленді. Ұзақ уақыттан бері жарияланған бос жұмыс орны анықталған кезде, атқарушы орган бос жұмыс орнын қысқарту мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті қосқанда, ұсынылған өзгерісті негіздей отырып, нақтыланған даму жоспарын ұсынуға міндетті. Нақтыланған жоспарды қарау мен бекіту белгіленген мерзімде, ағымдағы жылғы 25 маусым мен 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сондай-ақ есеп беруге қойылатын талап та нақтыланды: ұйымдар персонал мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті, соның ішінде бос штат бірлігін қысқарту туралы деректі көрсетеді.

Қабылданып отырған бұл шаралар кадр процестерінің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және мемлекеттік ұйымдардағы адами ресурсты басқару тәртібін күшейтуге арналған.