"Ауыл-ел бесігі" ұлттық жоба бола алады

"Ауыл-ел бесігі" ұлттық жоба бола алады
"Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы ұлттық жоба мәртебесін ала алады. Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осындай бастама көтерді. Оның айтуынша, бұл жоба шеңберіндегі басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. 
 
Олардың арасында агроөнеркәсіптік кешенді, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және "Бизнестің жол картасын"дамыту бар. Сонымен қатар, биылдың өзінде осы бағдарлама бойынша ауылдарды дамытуға 84 миллиард теңге бағытталды. Ауыл инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағытта 920 жоба іске асырылуда. Негізінен, әлеуметтік салада, жол құрылысында және ТКШ-да. 
 
Дереккөз: https://24.kz/ru/news/social/item/431445-auyl-el-besigi-mozhet-stat-natsproektom/amp