
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл – өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.
Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. «Таза парақтан» реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.
Осы жылы «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. «Даму» Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:
Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;
Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.
Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.
Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.