
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында баяндама жасады. Ол депутаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы Негіздемелік келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын таныстырды.
Жалпы ОПЕК Қоры дамушы елдерге қарыздар мен техникалық көмек арқылы қаржылық қолдаумен айналысады.
Қор құрылған сәтінен бастап (49 жыл ішінде) әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асыруға 30 млрд доллардан астам қаражат бөлді.
Орталық Азия елдеріне 20 жыл ішінде 1,4 млрд доллардан астам қаржы салды.