ШОБ шығаратын өнім көлемі жарты жылда 25%-ға өсті

ШОБ шығаратын өнім көлемі жарты жылда 25%-ға өсті

Кәсіпкерлікті дамыту – сапалы жұмыс орындарын құрудың, жаңа нарық сегменттерін қалыптастырудың және бәсекелестікті дамытудың негізгі факторы. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуының оң динамикасы байқалады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесі 39,8% болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев мәлімдеді.