Қазақстан бизнесі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуды күшейтеді

Қазақстан бизнесі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қатысуды күшейтеді

Астанада "Орталық Азия-орнықты дамуға арналған жаңа Жібек жолы" форумы өткізілді.

Іс-шара ұлттық әріптестер мен бизнестің қолдауымен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, БҰҰ-ның Жаһандық шарты-Орталық Азия желісі ұйымдастырған жоғары деңгейдегі негізгі аймақтық алаңға айналды.

Форум өңірдегі инновациялардың, жасыл трансформацияның және инклюзивті өсудің катализаторы ретінде жеке сектордың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның жауапты бизнесін байланыстыратын аймақтық хаб ретінде БҰҰ Жаһандық шарты-Орталық Азия желісін таныстырды.

Қазақстандағы бизнес қоғамдастық 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі қатысушының біріне айналуда. Осылайша, елде қоршаған ортаға ұқыпты қарау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқарудың жоғары сапасы (ESG тетігі) қағидаттары бойынша 150-ден астам компания жұмыс істейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Шегай Виктория, БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілі Раднаарагча Саранго, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл және басқалар құттықтау сөз сөйледі.

Виктория Шегай ХЕҰ 26 негізгі конвенциясын және БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы Факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы, 2029 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын және 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатты қабылдау туралы хабардар етті. Сондай-ақ Орнықты даму мақсаттары бойынша прогрестің жеделдеуін атап өтті.

Жанназарова Нұргүл өз сөзінде мемлекет пен жеке сектордың күш-жігерін біріктіре отырып, ұлттық және жаһандық деңгейде Орнықты даму мақсаттарын іске асыруда нақты және жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-қимылдар ғана елдің орнықты дамуына серпін береді.

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі Раднаарагча Саранго өз сөзінде Қазақстанның ОДМ-ға қол жеткізудегі оң динамикасын, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның осы бағытта белсенді ынтымақтастық көрсеткенін атап өтті.