Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы тұрғындарымен кездесті

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы тұрғындарымен кездесті

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қызылжар ауданы тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аймақтық даму, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру шаралары мәселелері талқыланды. Ерлан Сағынаев шағын және орта бизнесті қолдаудың Үкімет жүзеге асырып отырған құралдары туралы толық баяндады – субсидиялаудан және несиелерді кепілдендіруден бастап, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дейін, олардың мақсаты – ауылдық жерлерде өмір сапасын жақсарту және жұмыс орындарын құру.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағымды динамика көрсетуде: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 615,8 млрд тенгені құрап, НКИ – 116,5%, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 677,1 млрд тенгені құрады, НКИ – 110,1%, оның ішінде Қызылжар ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісі 29,7 млрд теңгеге жетіп, НКИ 103,4% болды, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 63,1 млрд теңге құрап, НКИ 105,6% жетті. 2025 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың физикалық көлем индексі 110,4% деңгейінде тіркелді, Қызылжар ауданы бойынша 118,5%. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары нәтижелерін беруде: 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 96 жобаға 8,4 млрд тенге сомасында несие субсидиясы берілді, оның ішінде Қызылжар ауданы бойынша 16 жобаға 0,7 млрд теңге сомасында несие субсидиясы беріліп, төленген субсидия көлемі 0,5 млрд теңгені құрады; кепілдендіру арқылы 21 жоба қолдау тапты, жалпы несие көлемі 1,1 млрд теңге, берілген кепілдіктер көлемі 0,39 млрд теңге болды.

Жұмыс сапары барысында вице-министр бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты. Олардың ішінде – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2024 жылы ашылған Бескөл ауылының өз-өзіне қызмет көрсететін көлік жуу станциясы, жобаны іске асыруға 5,5 млн теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Ерлан Сағынаев 1990 жылы салынған Бескөл ауылының №2 орта мектебімен танысты. 2025 жылы білім беру мекемесі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 107 млн теңге сомасында күрделі жөндеуден өтті.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аудан бойынша белсенді жүзеге асуда: 2024 жылы бір жобаға 458,5 млн теңге бөлінген, ал 2025 жылы екі жаңа жобаға 300 млн теңге қарастырылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2025 жылы республикалық бюджетте 50 млрд теңге көзделген, оның 1,5 млрд теңгесі Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған.

Кездесу барысында Ерлан Сағынаев мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ бизнес пен ауылдық елді мекендерді қолдаудың болашақ жоспарлары туралы тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Кездесу қорытындысында ол Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық көтерген мәселелерді шешу бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.