Үш жылға арналған өңірлерді дамыту бюджеті 9,1 трлн теңгені құрайды

Үш жылға арналған өңірлерді дамыту бюджеті 9,1 трлн теңгені құрайды

Парламент Сенатының кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірлердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін теңестіру үшін даму бюджетінің жыл сайын артуы туралы мәлімдеді.

«Даму бюджеті жыл сайын артып келеді: 2026 жылы – 1,8 трлн теңге, 2027 жылы – 3,2 трлн теңге және 2028 жылы – 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы – 9,1 трлн теңге», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.