Алматыда ауыл әкімдерінің рөлін күшейту бойынша жаңа бастамалар талқыланды

Алматыда ауыл әкімдерінің рөлін күшейту бойынша жаңа бастамалар талқыланды

2025 жылғы 7 қарашада Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өткізіліп, оған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы — Мәжіліс депутаттарының бастамасымен "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы.

Вице-министр өз сөзінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, заң жобасының негізгі ережелеріне тоқталды.

Жергілікті өзін-өзі басқару, деп атап өтті ол, азаматтық белсенділіктің институционалдық негізін, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызды тетігі.

Сайлау институтын дамыту

Вице-министр 2021 жылы ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау енгізілгенін еске салды. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 863 ауыл әкімі сайланса, реформа басталғаннан бері 3,5 мыңға жуық сайлау өткізілген.

Келесі кезеңде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы енгізілді. 2022 жылы тиісті заң қабылданып, 2023 жылы пилоттық сайлау өткізілді. Ал ағымдағы жылы тұрақты сайлау басталды. 

Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар 48 аудандық және 4 қалалық әкім сайланды.. Ағымдағы жылы сайлау еліміздің жеті өңірінде, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында өтті.

Заңнаманы жетілдіру

Ағымдағы жылғы 30 маусымда Мәжіліске сайлау процестерін одан әрі дамытуға бағытталған заң жобалары енгізілді. Олар кандидаттардың сайлау қорын құруын, осы қордан тыс қаржыландыруға тыйым салуды және басқа да түзетулерді көздейді.

Негізгі міндеттің бірі сайлау алдындағы уәделерді орындау жауапкершілігін арттыру болып қала береді.

Қаржылық тәуелсіздік және жаңа кіріс көздері

Қаржылық тәуелсіздік дегеніміз сайланған әкімдердің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шартының бірі.

IV деңгейдегі бюджет енгізілген сәттен бастап (2018 жылдан бастап) ауылдық бюджеттерге жеке түсімдер 3,5 есеге - 2024 жылы 32,2 млрд теңгеден 112,2 млрд теңгеге дейін өскен.

Қаржы базасын одан әрі нығайту үшін су ресурсын пайдаланғаны үшін төлемді, кейбір қызмет түріне лицензияны және басқа да төлемді қосқанда, салық пен алымды қайта бөлу арқылы кіріс көзін кеңейту ұсынылады.

Оқыту және цифрландыру

2025 жылы басқарушылық құзыреттер мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауылдық округ әкімдерін қайта даярлау бағдарламасы іске қосылды. Оқытудың бірінші кезеңінде 1 784 әкім қамтылса, екіншісі қыркүйекте басталды. 428 қатысушы оқытылуда.

Бұдан басқа, пилоттық режимде мемлекеттік деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін "Әкімнің цифрлық жұмыс орны" жобасы іске асырылуда.

Ол еліміздегі 17 өңірдегі 34 ауылды қамтиды. Жыл соңына дейін жобаны барлық ауылдық округте енгізу жоспарлануда.

Бауыржан Омарбеков ұсынылған шаралар жергілікті билік органдарының қаржылық және институционалдық дербестігін нығайтуға, жергілікті жердегі басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.