
29 қазан — Қазақстан кәсіпкерлер күні атап өтіледі. Бұл - жұмыс орындарын ашатын, экономиканы дамытатын және елдің әл-ауқатын нығайтатын барлық адамдардың кәсіби мерекесі.
Дәл осы 2015 жылы 29 қазанда кәсіпкерлік, инвестициялық және бәсекелестік саясаттың заңнамалық негіздерін біріктірген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды, бұл бизнесті қолдаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің негізін қалады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған 2,4 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай өсім көрсетіп, 38,9%-ды құрады, бұл жеке сектордың экономиканы дамытудағы орнықты рөлін растайды.
Елімізде кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ретімен жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері 312 млрд теңге несие сомасына 2 300-ден астам жоба субсидияланды, онда субсидиялар көлемі 125,8 млрд теңгені құрады.
Кәсіпкерлік негіздеріне 11 мыңнан астам адам оқытылды, бизнес жүргізу мәселелері бойынша 109 мыңға жуық кеңес берілді.
Кепілдік қоры шеңберінде ШОБ үшін 311,9 млрд теңге сомасына 1 794 бизнес жобаға қолдау көрсетілді, оның 170,1 млрд теңгесі берілген кепілдіктерді құрайды.
Жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайтын 12,6% мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, оның ішінде 300 млрд — «Даму» Қорының қаражаты, 450 млрд — банк ресурстары. Қазірдің өзінде 407,7 млрд теңгеге 1 200-ге жуық жоба қаржыландырылды.
«BGOV» ақпараттық жүйесін «eGov Business» қосымшасымен интеграциялау аяқталды, оны 76 мың пайдаланушы пайдаланды, 3,6 млн өтініш жолдады.
Шағын және орта бизнесті дамыту-ұлттық экономиканың тұрақтылығын айқындайтын, орта тапты қалыптастыратын және бәсекеге қабілетті және инновациялық Қазақстан үшін негіз құратын стратегиялық бағыт.
Кәсіпкерлікті дамыту саясаты Мемлекет басшысының бизнестің бастамасы, жауапкершілігі мен инновацияларына негізделген жаңа экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары аясында іске асырылуда.
Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, бірыңғай цифрлық платформаларды енгізу және инновацияларды ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Осы міндеттерді іске асыру экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде жеке сектордың рөлін нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.