Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Бастауыш партия ұйымының сайланбалы партия жиналысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Бастауыш партия ұйымының сайланбалы партия жиналысы өткізілді

Жиналыс барысында Бастауыш партия ұйымының Бюросын, төраға мен төрағаның орынбасарын, сонымен қатар «Бірлік» филиалының конференциясына делегаттарын сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірауыздан шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Жұмабеков Арман Дайырұлы Бастауыш партия ұйымының төрағасы болып сайланып төрағасының орынбасары Өразғұлов Ақылбек Сарбайұлы болып сайланды.

Бастауыш партия ұйымының Бюро құрамына Жұмабеков Арман Дайырұлы, Оразғұлов Ақылбек Сарбайұлы, Айдапкелов Нұрболат Серғаліұлы, Майтиев Азамат Бақдәулетұлы, Әмрин Азамат Кеменгерұлы, Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлы, Керімрай Данабек Алтынбекұлы, Жамбайбек Дәурен Каленұлы, Шәйкәмал Ақбота Өмірсерікқызы сайланған.

Сонымен қатар, сайланбалы партия жиналысына «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Қожахметов Шынғыс Шопанұлы қатысты.

Жиналыс қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы жұмысты, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Көшбасшысының қойылған міндеттерін жандандыру мен күшейту туралы тапсырма берді.

В МНЭ РК состоялось выборное партийное собрание первичной партийной организации «Экономика» филиала «Бірлік»  партии «Нұр Отан»