Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері республикалық сенбілікке қатысты

Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері республикалық сенбілікке қатысты

Бүгін Мемлекет басшысы қатысқан "Таза Қазақстан" ауқымды республикалық акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 250 қызметкері қалалық сенбілікке шықты.

Министрлік ұжымы бір кісідей жұмылып, Ботаникалық бақ саябағы аумағын қоқыс пен жапырақтан тазартты. Мұндай акцияларға қатысу қоршаған ортаға аялы көзқараспен қарауды қалыптастыруға, корпоративтік рухты сезіндіріп, әріптестердің өзара бірлігін нығайтуға ықпал ететін игі дәстүрге айналып отыр.

Жалпы, "Таза Қазақстан" акциясына барлық ел бойынша 610 мыңға жуық адам қатысуда. Сенбілік барысында 90 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 180 мың ағаш пен бұта отырғызылды. Әр өңірдің табиғат ерекшелігіне сай, алма, құс шие, тал және ирга ағаштары таңдалған.

"Таза Қазақстан" акциясы экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өткізілуде. Оның мақсаты табиғатқа қамқорлық жасау дәстүрін қалыптастырып, елдегі экологиялық жағдайды жақсарту.