Рейтинг, Үкімет қарызының төмен деңгейін, оған қызмет көрсетудің жоғары болуын және сыртқы күйзелістерден қорғауды қамтамасыз ететін елеулі фискалдық резервтерді қоса алғанда, елдің мықты фискалдық позициясымен сақталып қалды. Орнықты экономикалық өсу мен экономиканың дағдарыстарға төтеп беру мүмкіндігі қосымша факторлар болып табылады.
Moody's елдегі фискалдық реформалардың іске асырылуының жалғасып жатқанын, оның ішінде корпоративтік және табыс салығын салуды түзетуді және ҚҚС мөлшерлемесін артыруды көздейтін Салық кодексіне түзетулерді атап өтеді.
Талдаушылардың пікірінше, 2025 жылы бюджет тапшылығы қалыпты деңгейде қалады, ал мемлекеттік қарыз рейтингі Ваa санатындағы елдер арасында қарыз көрсеткіштері ең төмендердің бірі болып қала береді.
Moody's жалғасып жатқан институционалдық және экономикалық реформалар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономиканы әртараптандыру процесін ағымдағы күтіліп отырғандағыдан артық жеделдете алатынын атап өтті.