
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов ОКҚ алаңында атап өткендей, Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің рөлі күшейтілді, оның өкілеттіктері инвестордың барлық қажетті рәсімдерден жедел және оңайлатылған түрде өтуіне мүмкіндік береді. Өңірлік инвестициялық штабтар құрылды.
«Құны 54 млн АҚШ долларынан асатын басым салалардағы инвестициялық жобалар үшін 25 жыл ішінде ҚР заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беретін Инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі берілді. Бұл құрал мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын құрылымдауға икемді және жеке тәсілді қамтамасыз етеді», - деді спикер.
Сонымен қатар, инвестициялық циклды толық сүйемелдеу мақсатында инвесторларды іздеуден бастап жобалардың аяқталуына дейін «инвестордың жолын» регламенттеу бойынша жұмыс жүргізілді, ол Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) қадағаланатын болады. Бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымды барынша азайту тетігі енгізілді. Енді инвесторларға қатысты барлық шешімдер мен шектеу шаралары прокуратурамен келісілуге тиіс. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі жұмыс істейді.