Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары

2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласында Күн тәртібінің қабылдануымен әлемдік көшбасшылар адамзатты кедейліктен құтқаруға, болашақ ұрпақ үшін гүлденген ғаламшарды сақтауға және барлығына лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ете отырып, ашық және бейбіт қоғам құруға бел байлағаны туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ құжатының бағдарлары "Қазақстан-2050" стратегиясында, "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарында, Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасында белгіленген елдің басымдықтары мен міндеттеріне толық сәйкес келетіндігін басшылыққа ала отырып, Тұрақты даму (ТДМ) мақсаттарын ТДМ қолдады.

2019 жылғы шілдеде Нью-Йорк қаласында Тұрақты даму бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумда Қазақстан № 4, 8, 10, 13, 16 және 17 "Адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және интеграция мен теңдікті қамтамасыз ету" тақырыбына алғашқы Ұлттық ерікті шолу (ҰЕШ) ұсынуы тиіс.

Осылайша, елдің қол жеткізген прогресін жақын арадағы уақытта бағалауы қажет негізгі ТДМ-ның бірі "Барлығы үшін өмір бойы оқыту мүмкіндіктерін ынталандыру және Барлығы қамтылатын әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету" – №4 ТДМ болып табылады. Көптеген жылдар бойы ҚР Үкіметі ең көп мемлекеттік қаржыландыру алатын, саланың бірі болып табылатын білім беру жүйесін жетілдіруге ауқымды күш салды.

Осының арқасында қазақстандық оқушылар PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері кезінде жақсы нәтижелер көрсетуде. Мысалы, 2016 жылғы PISA қорытындылары бойынша «сауаттылық пен есеп дағдыларының ең төменгі деңгейіне ең аз қол жеткізген  балалар мен бастауыш мектеп түлектері-жастар үлесі» 98%-ды құрайды.

2017 жылдың қорытындылары бойынша тиісті жастағы балалардың 90,4%-ын оқумен қамтылған мектепке дейінгі балалар мекемелерінің желісін ұлғайту арқылы балаларды ерте дамытуға және мектепалды даярлықпен жаппай қамтуға көп көңіл бөлінеді.

Халықтың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін және еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңа дағдыларды алуға мүмкіндік беретін маңызды факторлардың бірі компьютерлік сауаттылық болып табылады. Жылдан жылға АКТ саласында дағдылары жоқ халық үлесінің біртіндеп қысқаруы байқалады, тек соңғы 3 жылда олардың үлесі 2015 жылы 22% - дан 2017 жылы 16,3% - ға дейін төмендеді. 2017 жылы жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық мақсаттар үшін компьютерлермен қамтамасыз етілуі 98,5% құрады, Интернет желісіне мектептердің жалпы санынан 85,8% қосылған.