2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады

2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29 146 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 7,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 13,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,1%, жемістер мен көкөністерді – 14,4%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 13,9%, нан және жарма өнімдерін – 6,7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,9%-ды құрады.

теңге

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

29 146

26 376

36 152

27 701

34 097

27 048

26 858

 Азық-түлік тауарлары

16 030

14 507

19 883

15 235

18 753

14 877

14 772

 Азық-түлік емес тауарлар

 мен көрсетілетін қызметтер

13 116

11 869

16 269

12 466

15 344

12 171

12 086

2018 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейі

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.