2025 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бақытұлы Омарбеков Қызылорда облысының халқы мен бизнес өкілдерімен кездеседі.
Негізгі іс-шаралар мына мекенжайда өтеді: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі ауылы, Әбдікәрімов көшесі, 8-үй.
Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу 17:20 басталады.
Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Ұлттық экономика вице-министріне кездесуде қоя аласыз немесе сауалдарыңызды алдын-ала WhatsApp-қа жібере аласыз +7 776 662 6575 (ҰЭМ):
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: WhatsApp +7 776 662 6575 (ҰЭМ).
Азаматтарды белсенді қатысуға және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековке сұрақтар қоюға шақырамыз.