«Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысуға шақыру

«Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысуға шақыру

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ЕҚДБ бастамасы шеңберінде іске асырылатын «Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысушыларды қабылдауды жариялайды.

Бағдарламаның мақсаты – салалардың болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға және инвестициялық әлеуеті жоғары қазақстандық кәсіпорындардың жедел өсуіне жәрдемдесу.

Бағдарлама шеңберінде қатысушыларға мынадай құралдар кешені ұсынылады:

бизнес-процестер мен нарықтықпозициялаудың терең диагностикасы;

стратегиялық даму бойыншаконсультациялық қолдау;

бизнестімасштабтау үшін инвестиция тартуға жәрдемдесу.

Қатысуға өнеркәсіптік сектордағы жеке қазақстандық кәсіпорындар шақырылады.

Кіріспе кезең Foresight Camp (Форсайт-кемп) – Қазақстандағы бизнес-ортаның перспективалары мен жаһандық трендке шолудан тұратын стратегиялық болжамды қарқынды оқыту модулі.

📅 Өткізілетін күндері:  2025 жылғы 13-16 қыркүйек

📍 Орны: Rixos Borovoe

Бір кәсіпорыннан 2-3 адамның қатысуы ұсынылады.

Foresight Camp-қа тіркелу:

http://foresight-camp.kz/ 

Іріктеу талабына сәйкес келетін және неғұрлым перспективалық бизнес-модельдер ұсынған ТОП-20 компания практикалық сессиялар қорытындысы бойынша, кәсіпорынның жеке диагностикасына және инвестиция тарту мен басқару жөніндегі құзыретті дамыту бағдарламасына қатысуға шақыру алады.

Бұдан басқа, 2025 жылғы 26 тамызда ZOOM-конференция форматында бағдарламаның онлайн-тұсаукесері өткізіледі. Онда сұрақтар қоюға және мақсаттар, міндеттер мен іске асыру кезеңдері туралы толық ақпарат алуға болады.

Конференцияға қол жеткізу үшін knowhowkazakhstan@ebrd.com-ға мынадай дерек жолдауды сұраймыз:

Компанияның атауы, БСН

Байланысатын тұлға (Т.А.Ә.), электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі

Ұйымдастыру мәселесі бойынша байланыс: 

📧 shpulint@ebrd.com