Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып, 2 мыңнан астам бизнес-жоба субсидияланды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылып, 2 мыңнан астам бизнес-жоба субсидияланды

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин республикада шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Вице-премьер 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланғанын, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алғанын хабарлады. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.

«12,6% мөлшерлемемен "Өрлеу" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.