Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды

2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне және салық заңнамасына түзетулер енгізілген ілеспе заңға қол қойды.

Жаңа кодексте салықтық әкімшілендіруді жаппай оңайлату көзделген:

есептілік 30%-ға, салық 20%-ға азайтылады,

салықтық жеңілдік пен алым оңтайландырылады,

салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері: камералдық бақылау профилактикалық және кезеңдік сипатта болып, салық берешегін өндіріп алу, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімі жеңілдетіледі. Берешек сомасы аз болса, бизнестің шоты бұғатталмайды. Хабарлама мен шара қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылады.

Негізгі өзгерістер:

ҚҚС базалық мөлшерлемесі-16%, ҚҚС:

дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,

отандық мерзімдік басылымды сату 10%-ға төмендетіледі,

ТМККК, МӘМС, археология, кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады,

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке (40 млн теңге) төмендетілді.

Жеке табыс салығы:

БЖЗҚ зейнетақы төлемдері босатылады,

табысы жылына 8500 АЕК-тен жоғары азаматтарға 15% және табысы жылына 230 000 АЕК-тен жоғары жеке тұлғалардың дивидендтері мен кәсіпкерлерге 15% прогрессивтік шкала енгізіледі,

мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік шегерімді 882-ден 5 000 АЕК-ке ұлғайту ,

табысы 230 000 АЕК-тен асатын фермерлерге 70% жеңілдік сақтала отырып, салық жылына 4,5%. 

10 жылдан асқан көлікке салық төмендейді.

Корпоративтік табыс салығы:

 Базалық мөлшерлеме – 20%,

Жоғары тарифтер:

банктерге (ШОБ кредитін қоспағанда) және ойын бизнесіне 25%,

 әлеуметтік саладағы ұйымдарға 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%,

ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 3% сақталады.

Бизнес пен инвесторларға арналған салықтар:

биржалық бағалы қағаздардың дивидендтерінен түсетін кіріс жеңілдігі сақталады,

«Бәйтерек» холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады,

пайдалы қазбаларды қайта өңдеу мен геологиялық барлауға жеңілдік, жаңа жобаларға 5 жылға нөлдік ПҚӨС қарастырылған.

Сән-салтанат салығы 

Құны 75 млн теңгеден асатын автомобильге, 100 млн теңгеден басталатын ұшаққа, яхта мен қайыққа, қымбат алкоголь мен сигара сияқты тауарларға 10% акциз енгізіледі. Егер барлық жылжымайтын мүлік объектісінің құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы артады. Мәслихаттар мұндай объектілердің бағалау құнын 50%-ға дейін жоғарылата алады.

Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.