Түзетулердің бірінші блогы елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамытуға бағытталды.
Түзетулердің екінші блогы жер заңнамасының жекелеген мәселелерін реттеуді көздейді.
Түзетулердің үшінші блогы шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу үшін қабылданды.
Түзетулердің төртінші блогы кеден мәселелерін реттеуге бағытталған.
Түзетулердің бесінші блогы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ нормаларды артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау үшін енгізіліп отыр.
Түзетулердің алтыншы блогы жылу, энергия және судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін кезек күттірмейтін инфрақұрылымдық проблемаларды шешу мақсатында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырумен байланысты.
Түзетулердің жетінші блогы мемлекеттік аудит процесін жетілдіру үшін енгізілді.
Түзетулердің сегізінші блогы бағалау қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.