Қазақстанда «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілген сәттен бастап суды тұтыну 8%-ға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Аслан Дарбаев баяндады.
Оның айтуынша, сумен жабдықтау саласында тұтыну көлеміне байланысты төрт деңгейлі тариф қарастырылған. Бірінші топ, 3 м3-ке дейін тұтынады, базалық тариф қолданылады, 3-тен 5 м3-ке дейін тұтынады, қолданыстағы тариф – 20%-ға жоғары, үшінші топ 5-тен 10 м3-ке дейін – 50%-ға жоғары, 10 м3-тен жоғары – 100%-ға жоғары.
«"Тұтынудың әлеуметтік нормаларын" енгізу тұтынушыларды коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларының деңгейіне байланысты бекітілген сараланған тарифтер есебінен, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қосымша кірістер алу есебінен сумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға аса ұқыпты қарауға ынталандыру бойынша жаңа тәсілдерді қолданудың тиімділігін көрсетеді, бұл өз кезегінде инженерлік инфрақұрылымның тозуын және тиісінше, ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартады», — деп атап өтті вице-министр.