Сенат республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы бірқатар нормаларды бекітті

Сенат республикалық маңызы бар қалаларды дамыту туралы бірқатар нормаларды бекітті

Сенаторлар астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Заң арқылы қалалардың заманауи және реттелген сыртқы келбетін қалыптастыру мәселесі шешіліп, жайлы, қолжетімді және экологиялық таза қалалық ортаны құру, сондай-ақ жергілікті жерлерде басқарушылық икемділікті күшейту үшін құқықтық негіз қаланады.

Негізгі ережелер:

Астана мен Алматының дизайн-коды мен абаттандыру ережесі жасалады;

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері мен мәслихаттарының қайта жаңарту, қолжетімді орта мен стационарға жатпайтын сауда мәселелері жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілуде;

Ашық кеңістіктердегі аудиожарнамаға, сондай-ақ тротуарлардың, веложолдардың, жолдың жүру бөлігінің, аялдамалар мен қону алаңдарының жабындарына көрнекі жарнама орналастыруға тыйым салынады;

Астана мен Алматы қалаларында Жол қозғалысын ұйымдастыру орталықтарының жұмыс регламенті бекітіледі;

Елорданың «жасыл белдеуін» басқарудың құқықтық мәртебесі нығайтылуда;

Мәслихаттың тұрғылықты жер мен астана аумағында уақытша болатын (тұратын) жер бойынша тіркеу нормативін бекіту жөніндегі құзыреті кеңейтіледі;

Елге 30 тәуліктен көп мерзімге келетін шетелдіктерді тіркеу институтын енгізу көзделген;

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында 63 функцияны орталықсыздандыру көзделген;

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру мен іске қосу жөніндегі нормалар енгізілді.