Қазақстанның мемлекеттік басқару мәселелерін AIF алаңында ЭЫДҰ-мен талқылау

Қазақстанның мемлекеттік басқару мәселелерін AIF алаңында ЭЫДҰ-мен талқылау

Астана халықаралық форумы (AIF) шеңберінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару директоратының басшысы Эльза Пиличовскимен жұмыс кездесуі өтті.

Экономикалық тұрақтылықты арттыру жөніндегі панельдік сессиясының мәселелері мен ЭЫДҰ дайындаған Қазақстанның мемлекеттік басқаруына Қысқаша шолуы талқыланды. Вице-министр инклюзивтікті және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асыру бойынша іс-шаралар туралы айтты.

«Адамға бағдарланған» моделін құруға бағытталған Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы басты назарда болды. Негізгі бағыттары –басқару деңгейлері арасындағы ресурстарды және өкілеттіктерді теңгерімдеу үшін орталықсыздандыру, сондай-ақ бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдету үшін бюрократиядан арылту.

Тараптар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқаруын жақсарту бойынша ұсыныстарды қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.