Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша елімізде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталды. Экономикалық зерттеулер институты дайындаған зерттеуге сәйкес, негізгі өсу драйверлері - өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік. Бұл аяда инвестициялар мен қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі тіркелді.
Республика бойынша жалпы үрдістер
2025 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша статистикалық көрсеткіштер республика бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасының сақталғанын куәландырады.
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі еліміздің ЖІӨ көлемі 2024 жылғы ұқсас кезеңнің деңгейіне 106,0%-ды құрады. Негізгі өсу драйверлері - өнеркәсіп (106,4%), құрылыс (116,2%), сауда (107%), көлік және қоймалау (122,4%). Негізгі капиталға инвестициялар көрсеткішінің едәуір өсуін (113,7%) атап өту қажет. Осы кезеңде тауарлар өндірісі (НКИ) да өсті (107,5%).
Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі (ҚЭИ — экономиканың 6 негізгі саласы бойынша есептеледі) талданатын кезеңде 108,5%-ды құрады. ҚЭИ өсуінің ең жоғары қарқынын Астана (122,5%) және Шымкент қалалары, сондай-ақ Түркістан облысы (119,4%), Жетісу облысы (116,2%) және Жамбыл облысы (115,8%) көрсетті. ҚЭИ ең төменгі мәндері Шығыс Қазақстан облысында (94,8%) және Ұлытау облысында (96,8%) тіркелді.
Осы 6 негізгі сектор бойынша көрсеткіштерді талдайық.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі (НКИ) 106,4% құрады (2025 жылғы қаңтар-наурызда — 106,6%). Ұлытау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлерде өсім тіркелді.
Ең жоғары өсіммен өңірлер: Жамбыл облысы — 123,6% (фосфат шикізаты, қант, тыңайтқыштар, цемент, электр энергиясы); Шымкент қаласы — 123,4% (отын, цемент, ұн, күнбағыс майы); Жетісу облысы — 118,6% (тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары, электр энергиясы); Алматы қаласы — 115,0% (автомобильдер, дәрі-дәрмектер); Қарағанды облысы — 112,0% (көмір, болат, мыс, шойын); Атырау облысы — 111,4% (мұнай); Алматы облысы — 111,3% (азық-түлік, дәрі-дәрмек, пластмасса); Түркістан облысы — 115,2% (ұн, уран, битум, электр энергиясы).
Орташа өсімді Павлодар (103,1%), Солтүстік Қазақстан (103,7%), Ақтөбе (103,9%), Астана қаласы (103,9%), Ақмола (103,0%), Батыс Қазақстан (104,5%), Қызылорда (102,3%), Маңғыстау (101,5%) және Абай (100,1%) сияқты өңірлер көрсетті.
Төмендеу мына өңірлерде тіркелді: Қостанай облысы - 96,6%, Ұлытау облысы - 96,3%, Шығыс Қазақстан облысы - 90,1%.
Қарағанды облысы — 101%, Алматы облысы — 103%, Шығыс Қазақстан облысы — 105,1%. Ең жоғары өсім: Атырау облысы — 110,7%, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — 107,4%. Төмендеу Маңғыстау облысында (99,6%) тіркелді.
Құрылыс жұмыстарының НКИ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 116,2%-ды құрады. Өсім 18 өңірде, төмендеу Ұлытау және Атырау облыстарында байқалды.
Ең жоғары өсіммен өңірлер: Маңғыстау облысы — 2 еседен астам (инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және энергетикалық жобалар), Астана қаласы (+75,5%), Ақмола облысы (+71,6%), Қостанай облысы (+66,6%), Қызылорда облысы (+65,5%), Түркістан облысы (+51,8%), Павлодар облысы (+38,5%), Алматы облысы (+36,5%), Жетісу облысы (+34,9%).
Орташа өсім (20–30%) келесі өңірлерде байқалды: — БҚО, СҚО, Жамбыл, Алматы, Шымкент, ШҚО. Төмендеу Ұлытау (-20,5%), Атырау (-58%) облыстарында тіркелді.
Өсім 107% құрады, негізгі үлес — көтерме сауда (үлесі 67,6%). НКИ ең жоғары өсімі Түркістан облысында — 160,4% (азық-түлік, жемістер, астық, жем, бензин, дәрі-дәрмек), Ақмола облысында — 144% (астық, ет, сусындар, дизель отыны, дәрі-дәрмек), сондай-ақ Шымкент қаласында —119,8% (отын, қант, сусындар, жемістер) тіркелді.
"Көлік және қоймалау" саласының НКИ 122,4%-ды құрады. Өсім теміржол (20,5%) және құбыр (19,6%) тасымалдары есебінен қамтамасыз етілді.
Ең жоғары өсім: Түркістан облысы — 121,8% (темір жол және құбыр тасымалының өсуі), Жамбыл облысы — 111,2% (құбыр және автомобиль тасымалының өсуі), сондай-ақ Абай облысы — 114,9% (темір жол және автомобиль тасымалының өсуі).
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалды. Негізгі драйверлер - өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік. Инвестициялық қызметтің жандануы, қысқа мерзімді экономикалық индикатордың тіркелген өсімі және тауарлар өндірісінің нақты көлемінің ұлғаюы оң құрылымдық өзгерістерді көрсетті.
Көшбасшы өңірлер мультисекторлық өсімді көрсетеді — өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыстан бастап сауда мен логистикаға дейін.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында, әсіресе мал шаруашылығы дамыған өңірлерде оң үрдіс сақталды, алайда, облыстар арасындағы қарқынмен теңгерімсіздік сақталып келеді. Құрылыс саласында бірқатар өңірде, әсіресе ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға байланысты инвестициялық өсім байқалды.
Сауда секторы, ең алдымен, оңтүстік өңірлерде жандануды көрсетеді. Бұл ретте, байланыс және телекоммуникация қызметтері назар аударуды талап етеді — бірқатар өңір қызмет көрсету көлемінің төмендеуіне және сапасының төмендеуіне тап болды. Көліктегі оң динамика аясында өңіраралық логистикалық тораптарды дамыту және көлік әлеуетін тиімді пайдалану ерекше маңызға ие.