Меню
Страницы
Министрлік туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитет
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
03 мая 2025
Отандық тауар өндірушілерге табиғи монополия субъектілерін сатып алуда басымдық беріледі

Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қызметі ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық отандық өндірушіні қолдау мен оның тауар жеткізуге арналған конкурсқа қатысуына қолайлы жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 15 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрықпен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына отандық тауар өндірушілеріне арналған шартты баға артықшылығы туралы ереже енгізілді. Енді өтінімді қарау кезінде конкурстық комиссия қазақстандық компаниялардың пайдасына баға ұсынысын 10 пайыз шартты түрде төмендетеді.

Бұл отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның мемлекеттік конкурсқа қатысуын ынталандыруға, әсіресе, өнімге ұзақ мерзімді сұранысты  тұрақты түрде тудыратын тұрғын үй-коммуналдық секторды ауқымды жаңғыртуды көздейді.
Қосымша қолдау шарасы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрықта бекітілген.

Сатып алу қағидасын реформалаудың екінші кезеңі шеңберінде мынадай өзгеріс көзделген:
* сатып алудың екі кезеңдік рәсімін енгізу: бірінші кезең-тек отандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;
* бірінші кезеңде жеңімпаз болмаған жағдайда, барлық жеткізушілер арасында ашық конкурс өткізу;
* жеткізуді жеделдету үшін сатып алу рәсімі мерзімін қысқарту.

Жаңа тетіктерді енгізу сатып алуды ашық өткізуге мүмкіндік, қазақстандық кәсіпорындарға нақты бәсекелестік артықшылық бермек. Бұл ұлттық өндірістің, өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орнының пайда болуына жағдай жасайды.

30 апреля 2025
Қосылған құн салығы мөлшерлемесі 16% болып белгіленді

Екінші оқылымда Салық кодексі мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулер қабылданды. Депутат Берік Бейсенғалиевтің жетекшілігімен жұмыс тобы шамамен бес мыңға жуық түзетуді қарады. Мәжіліс депутаттары мен Үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесінде, оның ішінде ҚҚС реформасына қатысты бірқатар шешімдерге қол жеткізілді.

– Бастапқыда Үкімет ұсынған 20% ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін төмендетілді. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 млн 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10%. МӘМС, ТМККК, сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдағы кітаптар, сондай-ақ баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтері де ҚҚС-тан босатылады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында есепке жатқызылатын ҚҚС үлесі 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды, – деді Берік Бейсенғалиев.

Бұдан бөлек, жеңілдетілген декларацияны түрлендіру шеңберінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің орнына тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі енгізіледі, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, мәслихаттармен ±50%-ға түзету мүмкіндігі бар 4% бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Ойын бизнесі мен банктер үшін КТС мөлшерлемесі 25%-ға дейін арттырылды, әлеуметтік сала ұйымдары үшін КТС мөлшерлемесі төмендетілді, прогрессивті ЖТС шкаласы енгізіледі. Алкоголь мен темекіге салынатын акциздер кезең-кезеңімен ұлғайтылады, энергетикалық сусындарға акциз енгізіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда төлем мөлшерлемесі 100 есеге дейін арттырылады.

Жалпы, мәжілісменнің айтуынша, реформа салық жүйесін оңтайландыруға бағытталған бірқатар негізгі өзгерістерді қамтиды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, салық түрлерін 20%-ға азайту, салық жеңілдіктерін оңтайландыру, дифференциалды мөлшерлемелер енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына салмақты арттыру және басқа да өзекті мәселелерді шешу.

Салық кодексін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов құжаттың кеңінен әрі ашық талқыланғанын, бірнеше рет парламенттік фракцияларда, Қоғамдық палата отырыстарында қаралғанын атап өтті. Нәтижесінде, заман талабына сай келетін, теңгерімді салық заңнамасын қабылдауға мүмкіндік туды.

https://mazhilis.parlam.kz/kk/multimedia-center/news/16815

29 апреля 2025
Қазақстанда 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру аясында бюджет шығындары оңтайландырылады

2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы заңдардың жобаларын қалыптастыру кезінде мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру басымдықтардың біріне айналады. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында қабылданды.

 Басты назар өнімсіз және тиімсіз шығындарды қысқартуға аударылады. Оларға семинарлар, көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру, консалтингтік қызметтер, әкімшілік ғимараттар салу, көлік құралдарын сатып алу және күрделі шығындар жатады. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, ықтимал болатын қосымша резервтерді анықтауға үшін  бюджет шығыстарының басқа да баптарына талдау жүргізуде. 

Республикалық бюджет пен жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобаларын әзірлеу жаңа Бюджет кодексінің ережелерін ескере отырып жүргізілуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері орталық мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп осы құжаттарды дайындауға кірісті.

Бұған қоса, республикалық бюджеттен бұрын бөлінген нысаналы трансферттердің шығыстары жергілікті бюджеттердің шығыс базасына сәйкестігі тұрғысынан нақтылануда. Бұл ретте олар салалық саясатқа және өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштеріне (елді мекендерде болуы тиіс әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары мен қызметтерінің ең төменгі тізбесі) сәйкес тексерілуде.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин мемлекеттік бюджеттің параметрлерін жаңа талаптарға сәйкес жедел талдап, нәтижелерін жақын арада ұсынуды тапсырды.

26 апреля 2025
Командалық рухпен — тазалық үшін: ҚР ҰЭМ қызметкерлері Ботаникалық бақта сенбілік өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана қаласындағы Ботаникалық бақта сенбілік өткізді.

Іс-шараға министрліктің орталық аппаратының, комитеттерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының 300-ден астам өкілі қатысты.

Қатысушылар бақ аумағын қоқыстан тазартып, жасыл желектерді күтіп-баптап, Орынбор көшесінің бойындағы (Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралықта) аумақты абаттандырды.

Ботаникалық бақ — елордамыздың басты табиғи нысандарының бірі болып табылады. Оның абаттандырылуына үлес қосу — қаланың экологиялық ортасын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Министрлік мемлекеттік қызметшілер арасында экологиялық мәдениетті дамытуға ерекше мән береді.

26 апреля 2025
Мәжілістің қарауына Салық кодексі жобасына түзетулердің екінші пакеті енгізілді

5 сәуірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа және қолданыстағы Салық кодексінің жобасына екінші түзетулер пакетін енгізді.

Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлердің табыс деңгейіне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу. Төмен табыс табатын азаматтар жоғары жалақы алатындарға қарағанда төмен мөлшерлеме бойынша салық төлейтін болады.

Сондай-ақ, азаматтардың медицина, білім беру, әлеуметтік аударымдар сияқты шығындары бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылуда. Қазіргі 14 АЕК орнына 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Сонымен қатар, қосымша шегерімдер алынып тасталады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп, жеке тұлғаларға салық органдарына артық құжат тапсыру қажеттілігін жояды.

Бұдан басқа, экспорттық-кредиттік агенттікке салық салу тәртібін белгілеу және банк қызметі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін нақтылау ұсынылады, бұл осы саладағы белгісіздікті жояды.

Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салуды енгізу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, қоғамдық денсаулыққа қосымша қамқорлық жасау үшін энергетикалық сусындарға акциздер белгіленеді.

Мұнай саласындағы салық жүйесін реформалау аясында «салықтық маневр» жүргізу көзделуде – экспорттық төлемдерге, соның ішінде ренталық салыққа түсетін жүктемені мұнай өндіру кезеңінде төленетін салыққа ауыстыру ұсынылады. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп, бюджеттің кірісін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Салық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған бөлек түзетулер блогы ұсынылған. Ол салық органдарының бақылау функцияларын қайта қарауды және салық міндеттемелерін жинау мен мониторингтеу тетіктерін нақтылауды көздейді.

Сонымен қатар, екінші пакет аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инвестициялық саясат, әлеуметтік төлемдер тәртібі секілді бірқатар ілеспе заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолданудағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл – елдегі салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі.

Жалпы алғанда, Үкімет жаңа Салық кодексі жобасы мен оған ілеспе заңдарға 71 түзету, ал қолданыстағы Салық кодексіне 67 түзету ұсынды.

25 апреля 2025
Өңірлерді дамытудың жаңа тәсілдері Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен талқыланды

Семей қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға аталған өңірлердің әкімдері, бейінді министрліктер мен Amanat партиясының өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы өңірлік саясатты іске асыруда жаңа тәсілдерді енгізу. Вице-премьер өңірлер арасындағы алшақтықты қысқарту мемлекеттік қолдаудың басымдығы болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты орталық қаржыландыру артта қалған облыстардың әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын дамытуға арналады.

Жиында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Ол 2028 жылға дейін жалпы сомасы 6,5 трлн теңге 102 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын ұсынды. Бұл жобалар агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия өнеркәсібі, қайта өңдеу, туризм сияқты негізгі салаларды қамтиды. Өңдеу өндірістерін, шағын және орта бизнес кластерлерін, сондай-ақ Катонқарағай, Баянауыл, Зайсан, Алакөл және Шүлбі су қоймасы сияқты туристік аймақтарды дамыту қажеттігі ерекше атап өтілді.

Ауылдық аумақты кешенді дамытуға және ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасына ерекше назар аударылды. Жоба шеңберінде ауылдардың мамандануын анықтаған скрининг аяқталды.

Вице-министрдің хабарлауынша, 2023-2024 жылдары "Ауыл аманаты" жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 104 млрд теңге бөлініп, 2,1 млрд Абай облысына, 2,5 млрд Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарына берілген. 2025 жылы 50 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінеді. Оның 1 млрд-ы Абай облысына, 3 млрд-ы ШҚО-ға, 2 млрд-ы Павлодар облысына берілмек.

Қосымша, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 2022-2024 жылдары үш өңірге 600-ден астам инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 60 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы 104 ауылда 137 жобаны іске асыруға тағы 24 млрд теңге қарастырылған.

25 апреля 2025
Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту жолдары талқыланды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараны Министрлік ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кеңес мемлекеттік органдарда ашықтықты арттыру және ішкі бақылауды күшейту курсы шеңберінде өтті. Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілдері, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің мамандары қатысты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Жетісу облысы бойынша өкілі қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың негізгі ұғымдарын, оның түрлері мен заңнамада көзделген жауапкершілікті еске салды. Ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тізімін кеңейту және оны жасағаны үшін санкцияларды қатаңдату туралы айтып, профилактиканың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат міндеттерін және оны жергілікті жерде іске асыру тетіктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды.

ҚР ҰЭМ Аппаратының басшысы Олжас Сыздықов қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілердің - басшылардың ғана емес, қатардағы құрам мамандарының да дербес жауапкершілігіне назар аударды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл әрбір қызметкердің қатысуы маңызды жүйелі және күнделікті процесс екенін атап өтті.

Кеңес соңында Олжас Сыздықов агенттік өкілдеріне мазмұнды диалог үшін алғысын білдіріп, ішкі бақылауды күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты құрылымдарында алдын алу тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырмаларды жеткізді.

 

23 апреля 2025
Қазақстан мен Ауғанстан ауған пайдалы қазба кен орындарын зерттеу бойынша техникалық комиссия құрады

Кабул қаласында өткен кездесуде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Кен өндіру және мұнай министрі Хедаятулла Бадри келісім жасасты.

Кездесу барысында тараптар өткен бір жыл ішінде өнеркәсіп саласындағы екіжақты қатынастардың айтарлықтай ілгерілеуіне ризашылықтарын білдірді. Серік Жұманғарин ауған тарапына Қазақстаннан жеткізілген геологтардың қатты пайдалы қазбалардың әлеуетті кен орындарын зерттеу бойынша далалық жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Бүгінгі таңда Қазақстан геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласында тәжірибесі бар кәсіби тау-кен компаниялары пулын құрды. Бұл компаниялар әлеуетті кен орындарын іздеуге және инвестиция салуға мүдделі. Осы бағытты талқылау үшін қазақстандық делегация құрамында ERG Exploration, Kazakhmys Barlau және Қазатомөнеркәсіп компанияларының өкілдері келді», — деді Серік Жұманғарин.

Кездесу барысында ауған тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қазақстандық мамандардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тараптар барлық туындаған мәселелерді жедел талқылау үшін бірлескен техникалық комиссия құруға уағдаласты.

Мамыр айының соңында Қазақстан тарапы Ауғанстанның басқа провинцияларындағы әлеуетті кен орындарын зерттеу үшін тағы бір мамандар тобын жібермек.

Сонымен қатар ауған тарапы қазақстандық тау-кен компанияларының сұранысы бойынша табиғи ресурстардың расталған қоры туралы мәліметтер беруге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Мемлекеттік компаниялар басқармасының басшысы Ахмад Джан Билалмен кездесті.

Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың Ауғанстан мемлекеттік компанияларымен ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

$140 млн-дық келісімдер: Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумының қорытындысы

Серік Жұманғарин Қазақстан–Ауғанстан бизнес форумының ашылуына қатысты. Шараға өсімдік майы, макарон, күріштен бастап агродрондар мен аккумуляторларға дейінгі тауарларды ұсынған 50 қазақстандық компания қатысты.

«Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы маңызды логистикалық хабқа айнала алады, ал Қазақстан – азық-түлік, технология, машина жасау, химия және IT өнімдерінің сенімді жеткізушісі бола алады. Алдымызға амбициялы, бірақ қолжетімді мақсат қойылды яғни, сауда айналымын қысқа мерзімде $3 млрд-қа дейін жеткізу. Бұл мақсатқа жету үшін тұрақты жеткізу арналары құрылып, өзара сауда номенклатурасы кеңейіп, инвестициялар мен кәсіпкерлік белсенділікке қолайлы жағдай жасалуы қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

Форумның алғашқы күнінің алдын ала қорытындысы бойынша шамамен $140 млн сомасына коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

https://primeminister.kz/news/kazakstan-men-auganstan-augan-paydaly-kazba-ken-oryndaryn-zertteu-boyynsha-tekhnikalyk-komissiya-kurady-29958 

 

22 апреля 2025
ҰЭМ жанындағы Қоғамдық кеңеске жаңа мүшелер сайланды

Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің төртінші жаңа құрамы бекітілді. Оған азаматтық қоғамнан 10 өкіл – экономика, құқық, кәсіпкерлік және қоғамдық сектор сарапшылары кірді.

Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамында AERC бас директоры Жәнібек Айғазин, «Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «DASCO Consulting Group» ЖШС әріптесі Эльдар Бейсімбеков, «Қазақстан теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ЗТБ бас директорының орынбасары Асхат Жапсарбай, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының директоры Асқар Қысықов, «Оңалту және банкроттық рәсімдердегі басқарушылардың қазақстандық одағы» РҚБ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Мұстафина, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС Бас директоры, Ұлттық факторингтік қауымдастықтың төрағасы Руслан Омаров, «Fortune Partners» ЖШС бас директоры, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС әріптесі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ербол Төлегенов, «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов бар.

Кеңестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі адамдар мүшеліктен шыққан жағдайда азаматтық қоғам кандидаттарының резервтік тізімі де құрылды.

Еске салсақ, Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Оның өкілеттігіне министрліктің бюджеттік бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларының жобасын талқылау, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен сараптамасына қатысу, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.

Жаңа құрамның бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы кеңестің төрағасы болып «Комментарий» талдау тобының жетекшісі, экономист Эльдар Шамсутдинов сайланды. Бұған қоса, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Басым тақырыптардың қатарында кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, энергетиканы жаңғырту мен жаңа Бюджет кодексін іске асыру бар.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес төралқасы құрылып, оның құрамына: ҰЭМ аппаратының басшысы Олжас Сыздықов, кеңес төрағасы Эльдар Шамсутдинов, «ҚР аудиторлар палатасы» ЖАҚ вице-президенті Арыстан Ақан, «TALAP» ҚЗО директоры Асқар Кысықов, MNU салық құқығы мектебінің басшысы Дана Токмурзина кірді.

Отырыс соңында аппарат басшысы Олжас Сыздықов Эльдар Шамсутдиновты Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының төрағасы болып сайлануымен құттықтады.

«Сіздің басшылығыңызбен Қоғамдық кеңес Министрлік қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға елеулі үлес қоса отырып, сындарлы диалог үшін маңызды платформа ретінде өз рөлін күшейтуді жалғастыратынына сенімдімін», - деп атап өтті ол. Аппарат басшысы Кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізілетінін жеткізді.

22 апреля 2025
Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастықты нығайтуда: гуманитарлық көмек, сауда, геологиялық барлау және бірлескен жобалар

Қазақстандық делегацияның Кабулға сапары барысында делегация басшысы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан халқынан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмектің екінші жартысын ауған тарапына тапсырды, сондай-ақ осы елдің Премьер-министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесті. 

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ОА-дағы ірі жеткізушісі

2021 жылдан бері Қазақстан Ауғанстанға ондаған мың тонна ұн, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық зат пен жылы киім жіберген. Сонымен қатар биыл наурыз айында Алматыда Орнықты даму мақсаттары бойынша Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне арналған БҰҰ аймақтық орталығы ашылды. Серік Жұманғарин Абдул Ғани Барадармен кездесуде атап өткендей, аймақтық орталықты құрудағы негізгі мақсат – ОА елдерінің Ауғанстанмен әлеуметтік-экономикалық және іскерлік ынтымақтастығын жандандыру. Орталық Азия елдері қазақстандық бастамаға қолдау білдірді.

Әртараптандыру есебінен тауар айналымы $3 млрд-ты құрады

Қазақстан Ауғанстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Астық пен ұн қазақстандық дәстүрлі тауарлар саналады. 2024 жылы Ауғанстан нарығына қазақстандық қант экспортының айтарлықтай өсуі байқалды – 143 мың тонна. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп (19,1 мың тонна). Ауғанстан нарығына кондитерлік және ұн өнімін жеткізу көрсеткіші артып келеді. Қазақстан сондай-ақ ерте пісетін ауған көкөнісін елорда базарына жеткізуге мүдделі.

Өткен жылдың соңында екі ел тауар айналымын $3 млрд-қа ұлғайту жөніндегі жол картасына қол қойды. Ауғанстан аумағында түрлі пайдалы қазба өндірудің орасан зор әлеуетін ескере отырып, өзара инвестицияның мәлімделген көлеміне Ауғанстан кен орнының ресурсын барлау мен өндіру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстандық бизнес жер қойнауының перспективалы учаскелерін іздеуге қаражат салуға үлкен қызығушылық білдіріп отыр.

14 сәуірде Ауғанстанға Қазақстаннан барған геолог-мамандар, инженерлер тобы Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрлігінің қолдауымен бірқатар кен орнын аралады. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан атап өткендей, мамандар Нұрстан провинциясында бериллий, қорғасын және мырыш табылып отырған кен орындарынан 130 келі кен сынамасын алды. Енді зертханада неғұрлым егжей-тегжейлі талдау үшін сынамалар Қазақстанға жіберіледі. Нәтиже алынғаннан кейін қазақстандық тарап кен орнын одан әрі игеру үшін неғұрлым ауқымды келіссөз форматына кірісуге дайын.

Қазақстан мен Ауғанстандағы жаңа сауда үйлері

Жол картасында белгіленген іс-шараларды жандандыру үшін Серік Жұманғарин Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасарына Қазақстанның Кабулдағы сауда үйін ашуды ұсынды. Абдул Ғани Барадар бұл ұсынысты қолдап, ауған тарапы да Қазақстанда өзінің сауда базарын ашқысы келетінін атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық тараптан ауған тарапы мүдделі болған жағдайда «QazTehna» ЖШС өндіретін қазақстандық автобустарды жеткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Жаңа сауда үйлері ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша өзара инвестицияларды жандандыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ауғанстанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Наджибулла Хакканимен кездесті. Ол қазақстандық компаниялар Ауғанстандағы инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық жобалардың құрылысына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Тургунди – Герат жаңа теміржол телімін салу кезінде оптикалық кабель төсеу жұмысына бірлесіп қатысуды ұсынды.

Сауда және өнеркәсіп министрі Нұриддин Азизимен кездесуде екі елдің өзара тауар айналымын әртараптандыру мүмкіндігі талқыланды.

Социальные сети
Twitter
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы