Меню
Страницы

«Спорт және оның мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендіруге көмектесудегі рөлі» оқу курсы

  1. Онлайн-бағдарламаның атауы: «Спорт және оның мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтендіруге көмектесудегі рөлі»
  2. Онлайн курстың ұзақтығы: 2021 жылғы 14 – 30 маусым аралығында
  3. Жұмыс тілі: орыс тілі
  4. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 7 мамыр
  5. Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны, паспорттың көшірмесі, бағдарламадан кейінгі пікіртерім үшін байланысатын тұлғаның мәліметтері
  6. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Үміткерлер:

  • өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
  • мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спортты ілгерілетуге белсенді қатысатын лауазымды / басқарушы адамдар; сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ұйымдарға қатысуы;
  • тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • 50 жастан аспау;
  • орыс тілін жоғары деңгейде меңгеру тиіс.

Гендерлік теңгерімнің маңыздылығын ескере отырып, біз әйелдерді қатысуға шақыруды ұсынамыз

  1. Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
  • динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
  • жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (20 Мб/сек);
  • қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
  • JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
  • онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.

Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.

Социальные медиа
Twitter
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты