Меню
Страницы

Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту және ілгерілету курсы

  1. Онлайн бағдарламаның атауы: Орталық Азия мен Кавказ елдерінің жас көшбасшыларына бағдарланған «Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту және ілгерілету курсы»
  2. Онлайн курстың ұзақтығы: 2021 жылғы 12 шілдеден бастап 11 тамыз аралығында
  3. Жұмыс тілі: орыс тілі
  4. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 12 мамыр
  5. Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны, паспорттың көшірмесі, бағдарламадан кейінгі пікіртерім үшін байланысатын тұлғаның мәліметтері
  6. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Үміткерлер:

  • өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
  • өңірлік экономиканы ілгерілетуге қатысатын экономикалық ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері немесе қызметкерлері не жеке компанияның өкілдері / басшылары болу;
  • жұмыс тәжірибесінің болуы және жоғарыда көрсетілген қызметпен айналысу;
  • аяқталған жоғары білімінің болуы;
  • болашақта мамандандырылған салада көшбасшы болу перспективасымен 20 - 35 жас аралығында болуы;
  • орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруі және ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білуі тиіс.

Гендерлік теңгерімнің маңыздылығын ескере отырып, біз әйелдерді қатысуға шақыруды ұсынамыз

  1. Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
  • динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
  • жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (5 Мб/сек);
  • қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
  • JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
  • онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.

Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.

Социальные медиа
Twitter
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты