Меню
Страницы

«COVID-19 кезінде және одан кейін әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін күшейту және кеңейту» оқу курсы

  1. Онлайн бағдарламаның атауы: «COVID-19 кезінде және одан кейін әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін күшейту және кеңейту»
  2. Онлайн курстың ұзақтығы: 2021 жылғы 08 - 24 маусым аралығында  
  3. Жұмыс тілі: орыс тілі
  4. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 05 мамыр
  5. Қажетті құжаттар: Өтінім нысаны
  6. Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Үміткерлер:

  • өз елі үкіметінің ұсынымын алуы;
  • әйелдер бизнесін қолдаумен және дамытумен айналысатын экономикалық ұйымдардың мемлекеттік қызметшілері немесе қызметкерлері не жеке компания өкілдері / басшылары болуы;
  • аралас пәндерде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • аяқталған жоғары білімінің болуы;
  • орыс тілін жоғары деңгейде меңгеруі тиіс.
  1. Онлайн-бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:
  • динамик / микрофон және веб-камерасы бар дербес компьютердің немесе планшеттің болуы (смартфонды пайдалану ұсынылмайды);
  • жылдамдығы жеткілікті тұрақты Интернет байланыс (5 Мб/сек);
  • қатысушылар онлайн-дәрістерге қатысу үшін үйде немесе офисте өз құрылғыларын қолдануы тиіс;
  • JICA қатысушылардан онлайн-оқытуға барынша көңіл бөлуді күтеді;
  • онлайн-бағдарламаға қатысу және әртүрлі тапсырмаларды орындау онлайн-курсты аяқтау үшін маңызды талап болып табылады.

Оқу бағдарламасына қатысты барлық мәліметтерді 8-775-728-83-56 нөмірі бойынша Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы Данияр Есіркеповтен алуға болады.

Социальные медиа
Twitter
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты