Меню
Страницы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі  –  бiрлестiктер мен ұйымдар)  аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші аккредиттеу туралы куәліктің үш және одан да көп көшірмелерін де ұсынады.

Аккредиттелген бірлестіктер мен  Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.

Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

Социальные медиа
Twitter
Facebook
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты