Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ережесіне (бұдан әрі - Үлгілік ереже) сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурсты жариялайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Конкурс өткізу мерзімі: конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мына мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 0100000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 7-кіреберіс, тел.+7 (7172) 74-30-38 a.kasymzhanova@economy.gov.kz.