Меню
Страницы

Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 24 қыркүйек

Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 24  қыркүйек

2026 жылғы 24 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін және қабылданған заңнамалық өзгерістерді енгізу» тақырыптарында семинар өткізді.

Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Өтініштерді алдын ала зерделеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Қайрат Еслямкалиевич Исмагулов сөз сөйледі.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы негізгі ережелері, сондай-ақ конституциялық жаңалықтар мен оларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды.

Конституциялық бақылау, билікті бөлу қағидаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері, сот арқылы қорғау, халықаралық шарттардың құқықтық жүйедегі орны, сондай-ақ Конституциялық Соттың рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге, бір палаталы Парламентке көшуге, Қазақстан Халық Кеңесін құруға, азаматтардың цифрлық құқықтарын дамытуға, отбасылық қатынастар қағидаттарына, еңбек ету және бейбіт жиналыстар өткізу құқықтарына, сондай-ақ сот төрелігінің конституциялық қағидаттарына қатысты ережелер түсіндірілді.

Іс-шара соңында Қайрат Исмагулов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, конституциялық ережелер мен қабылданған заңнамалық шешімдерді қолданудың практикалық аспектілері бойынша қажетті түсіндірмелер берді.

Семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдардың қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Іс-шараны Министрліктің барлық қызметкерлері үшін Заң департаменті ұйымдастырды.

Социальные медиа
Telegram
Twitter
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері