Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 30 қантар
2025 жылғы 30 қаңтарда Министрлік «Нормашығармашылық қызметтің кейбір мәселелері» (құқықтық мониторинг жүргізудің жаңартылған қағидаларының негізгі ережелері, ғылыми сараптамаларды ұйымдастыру және өткізу), «Қол қою құқығының кейбір мәселелері» және «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңалықтар» тақырыптары бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында Министрлік қызметкерлеріне құқықтық мониторинг жүргізудің жаңартылған қағидаларындағы өзгерістер, ғылыми сараптамаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, қол қою құқығы туралы түсініктемелер берілді. Семинарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы негізгі өзгерістер қарастырылды.
Құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында нормашығармашылық қызметтің өзекті мәселелері және оны жетілдіру тәсілдері талқыланды.
Семинар қорытындылары заңнама талаптары мен Министрліктің ішкі регламенттерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған іс-шара барлық қызметкерлер үшін Министрліктің Заң департаментімен ұйымдастырылды.