
2021 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің экономика саласындағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өткізіледі (онлайн-форматта, ZOOM платформасы арқылы).
Осыған байланысты, үкіметтік емес сала өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз және а.ж.1 қарашаға дейін кездесуге қатысатынын растауды және талқыланатын тақырыпқа орай ұсыныс-сауалдарын («ҮЕҰ-мен кездесу» тақырыбын көрсете отырып) pressmnerk@gmail.com электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Анықтамалар мына телефондар бойынша: 742942, 743377, 8701 355 31 46.
Кездесудің өткізілу уақыты мен сілтемесі қосымша хабарланады.