«Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасы

Жобаны «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

Нысан

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба)

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Жоба Қазақстан Республикасы Жаңа Салық кодексінің 723-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын іске асыруға әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жоба оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (бұдан әрі – АСР) қолдануға тыйым салынған АСР қолдану критерийлеріне сәйкес келмейтін қызмет түрлерінің тізбесін бекітуді көздейді.

 

АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбе жобасы порталда жүктеуге қолжетімді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау АСР-дің теріс пайдаланылуын қысқартуға, басқару тиімділігін арттыруға, салық жүктемесін әділ бөлуге және шағын бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жоқ.

«Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасы
Дата публикации
26 сентября 2025