
Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
1996 жыл - Ақмола ауылшаруашылық институты
2008 жыл - М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.
1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.
2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі.
2011-2012 жж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.
2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.
2015-2020 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.
2020- 2025 жж. — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.
2025 жылдың 21 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Марапаттары: