Сіздерге 2025 жылғы 20 қаңтары мен 01 наурыз аралығында 2026 жылы іске асыру «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылдау жүзеге асырылатыны туралы хабарлаймыз. Осы жоба аясында азаматтар жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.
Өз ұсыныстарын Жезқазған қаласының кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады. Ұсыныстарды Жезқазған қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» (https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/bnu/937?lang=ru) бөліміне жіберу керек.
Жобалық ұсынысқа шығыстардың болжамды сметалық есебі, сондай-ақ жобаның фото/нобайы/макеті/схемасы (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса берілуі мүмкін.
Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны 58 млн.980 мың теңгені (15000 АЕК аспауы тиіс) құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: 87765132806, 87058748024.