«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша Талдамалық анықтама 2025 жылғы мамыр-2026 жылғы мамыр кезеңі

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ  қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізу нәтижесі бойынша  Талдамалық анықтама 2025 жылғы мамыр-2026 жылғы мамыр кезеңі

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі

талдау жүргізу нәтижесі бойынша

Талдамалық анықтама

2025 жылғы мамыр-2026 жылғы мамыр кезеңі

 

 

 

Жезқазған                                                                             «_12_» _маусым_2026 г.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес, «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы №17 ««Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізумен қамтылған кезең: 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы мамырға дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың жұмыс тобы «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.

Жезқазған қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы №03/23 қаулысымен бекітілген «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ Ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алуды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 

Ережеге сәйкес мемлекеттік органның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, қаланың тұрақты экономикалық өсуіне, халықтың тұрмыс деңгейі мен қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін мемлекеттік экономикалық саясатты қала деңгейінде іске асыру;
  • бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, Ұлытау облысы мен қаланың даму жоспарларын қалыптастыруға қатысу арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
  • салық және ақша-кредит саясатымен өзара байланыста жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
  • мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және облыстың даму жоспарында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің атқарылу ашықтығын қамтамасыз ету;
  • бюджеттік инвестицияларды жоспарлау кезінде басымдықтарды қалыптастыру;
  • бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
  • заңнамалық актілерге сәйкес қалалық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру және оны қорғау жөніндегі шараларды қабылдау;
  • бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру;
  • бекітілген Тізбеге сәйкес айқындалатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобы мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты 49 функцияны және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерді талдады: 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы,  "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410- V Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №679 «Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №270 «Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 Қаулысы, «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №151 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 «Бюджеттік жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №3 «Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларды дамыту стратегияларын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №128 «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және түзету әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 «Бюджетті қазынашылықпен атқару және оған кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг жүргізу рәсімдерін бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №201 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №75 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы, «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы, «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығы

 

Ішкі талдау жүргізу кезінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қарау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталды:

2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер зерделеніп, нәтижесінде дискрециялық өкілеттіктерді қамтитын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін нормалар анықталған болатын.

Атап айтқанда, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілер үшін шартты жеңілдіктерді айқындайды. Бұл өз кезегінде дискрециялық өкілеттіктердің пайда болуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар қалыптастырады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тиісті хат жолданды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы сарапшылармен жүргізілген ауызша консультациялар нәтижесінде аталған тәуекелді жою бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқаны анықталды.

Қазіргі уақытта заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу және мемлекеттік сатып алу веб-порталының функционалын жетілдіру бойынша жұмыстардың аяқталуы күтілуде.

 

Сонымен қатар, 2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығымен бекітілген табиғи және моральдық тозу салдарынан жарамсыз болған, сондай-ақ дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде жойылған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және есептен шығарылуын ресімдеу қағидаларының (бұдан әрі – №721 Қағидалар) мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруды келісуді реттейтін жекелеген нормалары лауазымды адамдардың дискрециялық өкілеттіктерінің туындауына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына алғышарттар жасайтыны анықталды.

Яғни, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасының 17 тармағына сәйкес Комиссия 3 (үш) данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару туралы актілер осы Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, келісуге жіберіледі:

1) Комиссияның хаттамасы;

2) жазатайым оқиға болған кезде – тиiстi лауазымды адам жасаған және бекiткен оқиға актiсiнiң немесе оқиға болған жердi қарау хаттамасының көшiрмесi;

3) дүлей зілзалалар кезінде – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялардың, зілзалалардың, зілзалалардың себептерін тергеп-тексеру туралы хаттаманың көшірмесі.

Алайда, жабдықтың (оргтехниканың) және басқа да мүліктің зақымдануы мен ақауларының көлемін растайтын құжаттарды ұсыну қарастырылмаған.

Бұл мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруды келісу кезінде уәкілетті органның жауапты тұлғасының шешім қабылдауына қиындықтар туғызады.

Яғни, 721 Қағидалардың нормаларына сәйкес, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруды келісу кезінде уәкілетті органның жауапты тұлғасы өз мүдделеріне негізделген шешім қабылдауы мүмкін, осылайша лауазымды тұлғалардың дискрециялық өкілеттіктерінің туындауына әкеп соқтырады.

Ұсыныс: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №721 бұйрығымен бекітілген табиғи және моральдық тозу салдарынан жарамсыз болған, сондай-ақ дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде жойылған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және есептен шығарылуын ресімдеу қағидаларында мемлекеттік мүліктің тозу дәрежесін, бүлінуін және ақауларын растайтын құжаттарды ұсыну бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс бере отырып, олардың құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (Қағидаларды әзірлеуші орган) қайтадан хат жолдау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай туғызатын, дискрециялық өкілеттіктерді қамтитын өзге нормалар анықталған жоқ.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-басқару қызметінде 2024 жылдың мамыры мен 2025 жылдың сәуірі кезеіңнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар жүргізілді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жататын лауазымдарды анықтауды қоса алғанда, персоналды басқару

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің штат саны 10 бірлікті құрады, оның ішінде 1 бос лауазым бар.

2025 жылы штат бірліктерінің саны 1 бірлікке ұлғайтылды. Есепті кезеңнің соңында бос лауазымдар саны 1 бірлікті құрады.

Қазіргі уақытта бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға орналасу үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Көрсетілген кезеңдегі талдау барысында мүдделер қақтығысының туындау фактілері, сондай-ақ басшымен, жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлескен қызмет (жұмыс), мемлекеттік сатып алу, жекешелендіру, мүлікті, мүлікті сатып алу немесе сату кезіндегі лауазымды тұлғалардың қатыстылығы фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері арасында қолданыстағы заңнамамен (соның ішінде коммерциялық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру және т.б.) лауазымды тұлғалар үшін белгіленген бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болжамды шектеулер мен тыйымдар фактілері жоқ.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» деректер базасына сәйкес тексерілді. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сотталғандар мен айыппұлдар болған жоқ.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманың бұзылуына қатысты өтініштер немесе қызметкерлердің әрекетіне шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – білікті мамандарды ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және тұруға тарту.

Әлеуметтік қолдау келесі түрде көрсетіледі:

100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі көтерме жәрдемақы (2025 жылы – 393,2 мың теңге);

тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 15 жыл мерзімге жылдық 1 пайызбен 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит беру (2025 жылы – 7 864,0 мың теңге).

2025 жылы 5 маманға жалпы сомасы 1 966,0 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді (2025 жылғы АЕК – 3 932 теңге, 3 932 × 100 = 393,2 мың теңге). Жоспар 1 966,0 мың теңгені құрап, қаражат толық көлемде игерілді (100%).

Сондай-ақ 5 маманға жалпы сомасы 39 320,0 мың теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді (2025 жылғы АЕК – 3 932 теңге, 3 932 × 2000 = 7 864,0 мың теңге). Жоспар 39 320,0 мың теңгені құрап, 100 пайыз орындалды.

 

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:

100 айлық есептік көрсеткішке тең мөлшердегі көтерме жәрдемақы (2026 жылғы АЕК – 4 325 теңге, 4 325 × 100 = 432 500 теңге) бойынша 2026 жылға 10 маманға жалпы сомасы 4 326,0 мың теңге қаражат жоспарланған. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 маманға жалпы сомасы 2 162,5 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді. Жыл соңына дейін қаражаттың 100 пайыз игерілуі күтілуде.

Тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 2000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджеттік кредит беріледі (2026 жылғы АЕК – 4 325 теңге, 4 325 × 2000 = 8 650 000 теңге).

2026 жылға 1 маманға жалпы сомасы 8 650,0 мың теңге бюджеттік кредит беру жоспарланған. Алайда талданып отырған кезеңнің соңына дейін аталған бағыт бойынша өтінімдер түскен жоқ.

Талдау барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі (қажетті құжаттар, көрсету нысаны, мерзімдері, нәтижесі, бас тарту негіздері және т.б.) анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдерінің белгіленген құқықтық актілермен талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жоқ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіптің бұзылуына әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі анықталмады.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бюджет қаражатын игеру жоспарланған 124 454 000 мың теңге көлемінде, 119 795 020,54 мың теңге игерілді, бюджет қаражатын игеру 96,3 пайызды құрады.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:

жоспарланған 38 242 000 мың теңге көлемінде, 38 233 695,40 мың теңге игерілді, бюджет қаражатын игеру 99,9 пайызды құрады.

Бөлім қызметінде бюджет қаражатын игеру мәселесі бойынша келесі тәуекел анықталды.

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 54-бабының 2-тармағына сүйене отырып, 2026 жылғы 12 ақпандағы №09-ж/қ бұйрыққа сәйкес бас маман З.Е. Омарбековаға, сондай-ақ 2026 жылғы 4 сәуірдегі №15-ж/қ бұйрыққа сәйкес Т.М. Шубаеваға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы төленген.

Талдау барысында аталған төлемдердің заңдылығына қатысты тәуекелдер анықталып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 2026 жылғы 12 мамырдағы №24-ж/қ бұйрықпен жалпы сомасы 370 018,4 теңге көлемінде төленген өтемақы бюджетке қайтарылды. Аталған бұйрық 2026 жылғы 19 мамырда толық көлемде орындалды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде бюджет қаражатын игеру саласы бойынша өзге тәуекелдер анықталған жоқ.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Шарттар жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылып қол қойылады.

2025 жылы жалпы сомасы 167 296 мың теңгеге 61 шарт жасалды, оның ішінде:

бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен – 7 шарт, жалпы сомасы 10 783 мың теңге;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 30 шарт, жалпы сомасы 16 889 мың теңге;

өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 20 шарт, жалпы сомасы 4 745 мың теңге;

ашық конкурс тәсілімен – 2 шарт, жалпы сомасы 132 678 мың теңге;

арнайы тәртіпті қолдана отырып конкурс – 0 шарт, жалпы сомасы 0 мың теңге;

электрондық дүкен арқылы – 2 шарт, жалпы сомасы 2 198 мың теңге.

2026 жылы жалпы сомасы 18 559 мың теңгеге 18 шарт жасалды, оның ішінде:

бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен – 3 шарт, жалпы сомасы 12 883 мың теңге;

баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 11 шарт, жалпы сомасы 3 045 мың теңге;

өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 4 шарт, жалпы сомасы 2 630 мың теңге.

Талдау барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Мемлекеттік мекеме өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты әкімдіктің және мемлекеттік мекеменің интернет-ресурстарында тұрақты негізде орналастырады.

Бөлімнің жұмысында келесі ақпараттық жүйелер қолданылады: ОДО «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі», «Е-Otinish» ақпараттық жүйесі, «Е-акимат» ААЖ, «eQyzmet» ААЖ, EPS, «Enbek» ААЖ, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (МОИР ББП), «е-Минфин» АИАЖ, «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» ААЖ, ХҚКО ААЖ ГО, ХҚКО ААЖ Мониторинг, «e-Qazyna.kz» ААЖ, «Қазынашылық-клиент» ААЖ (Client.kazynashylyk.kz сайты), «K2. 1С платформасындағы Бюджет» БҚ, сондай-ақ «Отбасы банк» порталы, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мүдделер қақтығысының туындауын болдырмауға мүмкіндік береді.Талдау барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 1 мамыр аралығындағы кезеңде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 58 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіп пен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Келіп түскен барлық хат-хабарлар «Электрондық құжат айналымы жүйесі» ААЖ арқылы электрондық форматта тіркеледі және басшылықтың қарауына беріледі. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабына сәйкес әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасауға құқылы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) немесе шешімдер олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса.

Бірыңғай ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қатысты шағымдарды қарау шеңберінде 2025 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 148 шағым түсті. Барлық шағымдар заңнамада белгіленген мерзімдерде және қойылған талаптар (дәлелдер) шегінде қаралды. Қарау нәтижелері бойынша 57 шағымды қанағаттандыру туралы және 91 шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 31 шағым түсті, оның ішінде 13 шағым қанағаттандырылды, 16 шағымды қанағаттандырудан бас тартылды.

Талдау барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етуі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне бағалау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мемлекеттік мекеме қабылдаған шараларды ескере отырып, анықталған тәуекелдердің пайда болу ықтималдығы төмен және толық түзетілген деп санайды.

 

АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

Нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі - Премьер-Министрінің орынбасарының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасының мемлекеттік мүліктің тозу, зақымдану, ақауларын және бұзылу дәрежесін растайтын құжаттарды ұсыну бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде қайтадан ұсыныспен хат жолдауды қажет деп санайды:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША АЙҚЫНДАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҰШЫРАҒАН ЛАУАЗЫМДАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі Талдамалық анықтамаға 1-қосымшада ұсынылады.

 

 

«Жезқазған қаласының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а.                               А. Карабекова

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына Қосымша 1

 

«Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі

ГУ «Отдел экономики и финансов города Жезказгана»

 



Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

1

Басшы

шешім қабылдау және ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы

Мемлекеттік сатып алуды өткізуді бақылауды жүзеге асыру, кадрларға түзетулер енгізу (басшылардың лауазымдарына орналасу), конкурс өткізбей мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау мүмкіндігі, Мемлекеттік қызметшілерге қатысты шағымды қарамау мүмкіндігі

 

2

Басшының орынбасары

шешім қабылдау және ұйымдастырушылық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы

Мемлекеттік сатып алуды өткізуді бақылауды жүзеге асыру, кадрларға түзетулер енгізу (басшылардың лауазымдарына орналасу), конкурс өткізбей мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау мүмкіндігі, Мемлекеттік қызметшілерге қатысты шағымды қарамау мүмкіндігі

 

3

Есеп және есептілік секторының меңгерушісі

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу

Еркін жоспарлау, бәсекелестікті шектеу (белгілі бір жеткізуші үшін техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын жасау), ресми негіздер бойынша сатып алуды жою, нақты себептерсіз әлеуетті жеткізушіні қабылдамау мүмкіндігі