
Ақпарат
2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау бойынша
(тамыз)
2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының «Жергілікті бюджетті нақтылау» Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары тұрған бюджетті нақтылау негізінде жүргізіледі.
Аудандық бюджетті нақтылау көздері:
Аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылау.
Облигациялық қарыздар шығарылымының көлемін ұлғайту.
Нақтылау шеңберінде:
1, Заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығының түсімдері есебінен аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 60,0 млн. теңге сомасына ұлғайтылсын.
2, Қаржы экономикасы бөлiмiне заңнаманың өзгеруiне байланысты жоғары тұрған бюджетке шығындарды өтеуге 60,0 млн. теңге жiберiлсiн.
3, Сәулет, құрылыс, ТКШ, КБ және АҚ бөлімдері үшін облигациялық қарыздар шығару көлемін халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу үшін 365,4 млн. теңгеге ұлғайту.