Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Құрметті Шахтинск қаласының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап біздің қаламызда «Халық қатысатын бюджет» жобасы басталды, ол қала тұрғындарына туған қаласының аумағын дамыту мен абаттандыруды жақсарту бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарынан келіп түскен жобалық ұсыныстар ашық дауыс беруге шығарылды. Шахтинск қаласы әкімдігінің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/bnu/64?lang=ru, сілтемеге өту арқылы сіз өз дауысыңызды бере аласыз және жобаны қолдай аласыз.

Дауыс беруге аймағымыздың кәмелеттік жасқа толған кез келген тұрғыны қатыса алады. Әр қатысушы 1 жобаға 1 дауыс бере алады. Дауыс беру 20 қарашада бастап 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «Қаланы абаттандыру» бағдарламасы бойынша жоба 2021 жылы іске асырылатын болады.