
«Халықтың қатысатын бюджет» жобасын жыл сайын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жобалық ұсыныстарға өтінімдерді қабылдау басталды. Осыған байланысты, ауданды абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеяларыңызды ұсыну үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/bnu/1038?lang=ru сілтемесі арқылы өтіп, өз ұсынысыңызды қалдыруыңыз қажет.Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 20 қаңтары мен 1 наурызы (қоса берілген) аралығында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, осы сілтеме бойынша жобаға қатысты қосымша ақпаратты таба аласыз.
Шахтинск қаласының «Халықтың қатысатын бюджет» жобасы бойынша жұмыс органы болып «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі табылады.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8(72156)5-08-11, 2-34-72.
Ұсыныстарыңызды 2026 жылдың 2 наурызына дейін күтеміз!