31 қазан күні «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады

31 қазан күні «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады

Қазақстанның  ең үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін консультация беріп, көмек көрсетеді.

31 қазан бір мезгілде Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалды, оны қарапайым қазақстандықтар қолдап, оны өткізу дәстүрге айналды және халық оны күтуде.

2016-2025 жылдар аралығында акцияға 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 400 000-нан астам адам консультация алды.

2025 жылғы 31 қазанда сағат 17.00.

 Өтетін орындары:

Қарағанды қ.,

Шахтерлер даңғылы 64, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі;

«Таир» СО, Космонавттар көшесі, 1В;

Мамраев көшесі 24/1 «Каскад» СҮ.

Теміртау қаласы, Мәдениет сарайы, Республика даңғылы,38.

Приозерск қаласы, Приозерск қаласының әкімдігі Пушкин көшесі,7.

Балқаш қаласы, Мәдениет Сарайы, Абай көшесі, 32.

Шахтинск қаласы, Азаматтарды қабылдау орталығы, Қазақстан көшесі - 101, 1-кіреберіс.

Саран қаласы, Мәдениет сарайы, Жамбыл көшесі,69/1.

Абай қаласы, Мәдениет үйі, Абай көшесі, 23а.

Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті Мәдениет үйі.

Қарқаралы қаласы,Мәдениет үйі.

Шет ауданы, Мәдениет үйі.

Ақтоғай ауданы, Мәдениет үйі.

Нұра ауданы, Мәдениет үйі.

Осакаров ауданы, Мәдениет үйі.